«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВАКЦИНА САТЫП АЛЫНДЫ

Қазан айынан бастап өңір тұрғындары тұмауға қарсы екпе алуда. Ресейлік “Гриппол плюс” вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды.

Алдымен екпені медициналық қызметкерлер мен он мыңнан астам балаға, жүкті әйелдерге, созылмалы, тыныс алу, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастарға, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қою жоспарланған. Тұрғындарға қазан-қараша айларында екпе қою ұсынылады.
Тұмау вирусы оңай тарайды. Ауру қозған жағдайда адамның дене қызуы көтеріліп, қалтырау, жөтелу, әлсіреу байқалады. Мұрны бітеліп, басы ауырып, бұлшық еті мен буыны сырқырайды. Сырқат асқынса, науқаста пневмония туындауы мүмкін. Қорғаныш қабілеті төмен балалар, жүкті әйелдер, қарттар мен иммундық жетіспеушілігі бар созылмалы аурулармен ауыратын тұлғалар тұмауға жиі шалдығады. Иммунитет әлсіреген жағдайда энцефалит дамиды, екіқабат әйелдер түсік тастап, ерте босануы мүмкін.
2019-2020 жылдардағы маусымда A/Brisbane (H1N1), a/Kansas (H3 N2), B/Colorado және B/Phuket типті тұмау вирусының төрт түрі өзекті. Вирусты аурулар кезінде үнемі қолды сабынмен жуып, бөлмені желдету қажет. Сырқат адамдармен қарым-қатынас жасауда абай болу керек. Салауатты өмір салты, толыққанды ұйқы, дәрумендерге бай тағам ағзаның вирустық инфекциялармен күресуіне көмектеседі. Сондықтан тұмаудың алдын алу үшін иммундау шараларының маңызы зор. 

Cурет https://nauka.vesti.ru сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp