Режиссер Төлеген Байтөкеновтың «Саташ» вестерн жанрындағы фильмі биыл қазанның 12-і мен 21-і аралығында өтетін 34-ші Варшава кинофестиваліне қатысады.
Фильм туған ауылына басып кірген қылмыскерлермен жалғыз күреске түскен учаскелік полицей туралы баяндайды. Басты кейіпкер — Саташ есімді ауылдың учаскелік полицейі ауыл тұрғындарына күш жұмсаған қылмыскерлерге төтеп беріп, өзінің борышын соңына дейін өтейді.
«Саташ» фильмі – менің алғашқы толықметражды туындым, сондықтан да, бұл фильміме артып отырған үлкен жауапкершілікті сеземін. Қазан айының соңында фильм отандық прокатқа шығады», — деді Төлеген Байтүкенов.
1985 жылы құрылған Варшава кинофестивалі әлемге әйгілі Канн, Берлин және Венеция кинофестивальдері секілді FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) тіркеуінен өткен. Фестивальдің мақсаты — әлемдік кинематографтағы жаңа әрі қызықты жобалармен таныстыру.