«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕЛОСИПЕДШІЛЕР БӘСЕКЕСІ

Бұрнағы күні Петропавлдың Театр алаңында Қазақстан Республикасының жазғы 4-ші спартакиадасының және велосипед спорты бойынша чемпионаттың салтанатты түрде ашылу рәсімі болды. Оған қатысушыларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин мен облысымыз бойынша велосипед спорты федерациясының президенті Мұхтар Игібаев құттықтау сөз арнап, сәтті қадам тіледі. Салтанатты шараға ҚР велосипед спорты бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Жетес Сүлейменов қатысты.

Осынау 3 күнге созылатын ұлттық чемпионатқа Қазақстан велоспортының беткеұстар өкілдері қатысады.

25 маусым күні ерлер мен әйелдер – спартакиада аясында, ал жас қыз балалар және ер балалар жеке жарысқа шығады. Жарыс Новокаменка – Архангелка тасжолы бойында өтеді. Үшінші күні әйелдер мен жас қыз балалар арасындағы топтала өткізілетін жарыс Соколовка тасжолы бойында мәре алады.

27 маусымда бозбалалар арасында топтала өтетін жарыс Пестрое көлінен басталады. Жарысқа қатысушылар 120 километр жолды артқа тастап, әуежай маңында сөреге жетеді.

Жарыстың қорытынды кезеңі ең қызықты, тартысты болмақ. Ерлер арасындағы таңдаулы велошабандоздар топтала жарысқа шығады. Жолдың ұзақтығы – 196 километр. Олар Пестрое көлінен жарыс жолына шығып, оны Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының жанында аяқтайды.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕРДЕ: жазғы спартакиададан көріністер.

Суреттерді түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp