«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Велосипедіңізге сақ болыңыз

Соңғы уақытта облыс орталығында велосипед ұрлығы жиілеп кетті. Жақында қала тұрғыны велосипедін дүкен жанына қойып, ішке қажет затын алуға кіреді. Осыны аңдыған ұры екі дөңгелекті көлікті сол мезетте мініп кеткен. Алайда, ол көп ұзамай полицейлердің жедел-іздестіру шаралары кезінде құрықталды.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары велосипед ұрлығына қатысты 35 оқиғаны тіркеген, соның жартысынан көбі әлі ашылған жоқ.

Бақыт СӘДУАҚАСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp