Павлодарда велоспорттан өткен ел біріншілігінде өңір спортшылары жеңіске жетті. Еліміздің 12 өңірінен үздік велоспортшылар жиналған бәсекелі додада 2 құрама команда облыс намысын қорғады.
Жалпы ұпай саны бойынша солтүстікқазақстандықтар ең жылдам болып шықты. Жекелей сында Александр Шушемоин жеңіске жетсе, екінші орында – Вадим Галеев. Ал үздік үштікті Алексей Волошин қорытындылаған. Сонымен қатар, біздің спортшылар көпкүндік кезеңде де мықтылығын дәлелдеді.
Жалпыкомандалық есепте “СҚО-1” құрамасы жеңіске жетті. Күміс жүлдені алматылықтар еншілесе, қола медальды “СҚО-2” командасы жеңіп алды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.