Облыс орталығындағы 75 орынға шақталған Сәбилер үйінде 55 бүлдіршін тәрбиеленуде. Осы бүлдіршіндерге жүрек жылуын сыйлап, көңілдерін бір қуантып кететін жандар аз емес. Солардың бірі – өңір мақтанышы, жерлесіміз Александр Винокуровтың ізін басқан велошабандоз Алексей Луценко жуырда Сәбилер үйіне тұрмыстық техника, арба, жөргектер, гигиена құралдарын сыйға тартты.
– “Жерде бір жетім қуанса, көкте мың періште шаттанады” дейді емес пе?! “Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған” деген ұранмен зайыбым екеуіміз осындай игі шараны қолға алуды жөн көрдік. Қытай елінде өткен “Хайнянь 2016 турында” жеңіске жетсем, міндетті түрде осы мекеменің тәрбиеленушілеріне сыйлықпен келемін деп өзіме уәде берген едім. Сол уәдемді орындадым. Оларға қолымнан келгенше көмектесіп тұрмақпын, – деді Алексей Луценко.
(Өз тілшіміз).