Талғар қаласында жерлес велошабандоз Виктор Окишев әлем чемпионы Николай Бондаренконы еске алуға және Қазақстан велоспортының 100 жылдығына арналған республикалық көпкүндік веложарыста жеңіске жетті. Алты күнге созылған сайысқа Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің велошабандоздары қатысқан болатын.
Сайыстың қорытындысы бойынша, солтүстікқазақстандық велоспортшы, “Аstana” континенталдық командасының мүшесі Виктор Окишев бірінші сатыға көтерілсе, одан 10 секундқа кешіккен талғарлық Ғалым Ахметов екінші, ал Өзбекстанның намысын қорғаған Жахонгир Дармонов үшінші болды.
Қазір Виктор Окишев Азия чемпионатына қызу дайындалуда.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.