«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВИНОКУРОВ ҚОРЫНЫҢ ТАРТУЫ

Лондон Олимпиадасының чемпионы, жерлесіміз Александр Винокуров атындағы спортты қолдау мен дамыту қоры петропавлдық балғындарға “Вино-байк” брендімен жасалған қос бірдей велосипед тарту етті. Бұл шара “Спорттық Қазақстан” қайырымдылық акциясы аясында өтті.

– “Спорттық Қазақстан” акциясы барысында еліміздің Қарағанды, Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Өскемен және Павлодар қалаларын қамту көзделген. 2013 жылы ашылған Александр Винокуров атындағы қор велоспортпен шұғылданатын балаларға сыйлықтар жасауды игі дәстүрге айналдырған. Олимпиада чемпионының өзі спортты серік еткен жастарға демеу жасаудың маңызды екенін үнемі ескертіп отырады, – дейді қор өкілі Дмитрий Андрющенко.

Жерлесіміз Александр Винокуровтың ізін басып, өсіп келе жатқан жеткіншектер баршылық. Алексей Луценко биыл Риода өтетін Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. “Астана” командасының сапында да, Винокуров атындағы құрлықаралық командада да Қызылжардың түлектері бар.

Жеткіншектер чемпионның атымен, яғни “Вино-байк” брендімен шыққан велосипед алғандарына дән риза. Облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатқа тарту етілген қос велосипед пен басқа да жабдықтардың жалпы құны 900 мың теңге тұрады екен.

Анна ПЕНЬКОВА,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp