«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВИНЧЕНЦО – ТӨРТІНШІ

“Астана” велокомандасының көшбасшысы Винченцо Нибали “Тур де Франс” көпкүндігін төртінші орынмен қорытындылады.

Арақашықтығы 138 шақырым болатын 19-шы кезең Сен-Жанде-Морьен және Ля-Тусюр-Ле Сибель нүктелерінің арасын қамтыды. Жарыстың бел ортасында Нибали франциялық әріптесі Пьер Ролланмен жеке-дара көш бастады. Мәреге 15 шақырымдай жол қалғанда Роллан италиялықтың жылдамдығына ілесе алмай, артта қалып қойды. Нәтижесінде Нибали бұл кезеңнің жеңімпазы атанды. Екінші болып мәреге Наиро Кинтана жетсе, үздік үштікті Крис Фрум қорытындылады.

Арақашықтығы 110,5 шақырым болған 20-шы кезеңде “FDJ” командасының франциялық өкілі Тибо Пино жеңімпаз атанды. Колумбиялық Наиро Кинтана (Movistar) одан 18 секундқа артта қалып қойса, үштікті канадалық Райдер Хешедаль (Cannondale-Garmin) қорытындылады. Бұл кезеңде “Астана” сапындағы мәреге алғаш болып келген Винченцо Нибали. Ол 15-орын алып, яғни Пинодан 3 минут уақыт қалып келді.

Велокөпкүндікті қорытындыласақ, “Sky” командасындағы ұлыбританиялық Крис Фрум жеңімпаз атанды. Екінші орынды Кинтана иемденсе, үшінші орын испаниялық Алехандро Вальвердеге бұйырды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp