«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ – ҮЗДІК ИНСПЕКТОР

Таяуда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте мемлекеттік өрт бақылау мекемесінің 2015 жылғы үздік инспекторы байқауы өтті.

Үстіміздегі жылдың үздік қызметкерін анықтауға арналған байқауға аудандық және Петропавл қалалық төтенше жағдайлар бөлімдерінің 20 инспекторы қатысты. Барлық қызметкерлердің 3 жылдан кем емес өтілі бар. 2006 жылдан бері өтіп келе жатқан байқаудың бағдарламасына қызмет мамандарының іс-әрекетін реттейтін негізгі заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер бойынша тестілеу енді. Екінші турда нысанның өртке қарсы жағдайына шартты түрде тексеру жүргізілді, оны аяқтағаннан кейін қатысушылар әкімшілік жаза қолдануға негіз болатын хаттама, қаулы толтырды. Биылғы жылы сайыскерлер стратегиялық маңызы бар өндірістік нысан – Петропавл қаласындағы элеваторды таңдап алды.

Байқау комиссиясының төрағасы, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет подполковнигі Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен екі тур барысында байқауға қатысушылар жасаған материалдар мұқият зерттеліп, ведомство қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейіне баға берілді.  

Тестілеу және нысанды тексеру бойынша Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың аға инженері, өртке қарсы қызмет капитаны Владимир Хутинаев үздік нәтиже көрсетіп, 2015 жылғы үздік инспектор атанды.

Владимир Хутинаев 29 жаста, 2007 жылы ҚР ТЖМ-нің Көкшетау техникалық институтын аяқтаған соң Тайынша, Аққайың, Қызылжар аудандарында, ал қазір Петропавл қаласында мемлекеттік өрт бақылау саласында еңбек етіп жүр. Оған 205 нысан бекітілген, оларды жоспарға сәйкес жыл сайын өте мұқият тексереді. Сонымен қатар білікті маман департаменттің қоғамдық өміріне, спорттық шараларға белсене қатысады.

Облыстық жарыстың жеңімпазы сәуір айында Астанада өтетін екінші кезеңге қатысып, облыс намысын қорғайды.

Жазира ҚОЖАХМЕТОВА,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бас маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

 маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp