Таразда тірек-қимыл аппараттары және көздері зақымданған мүгедек спортшылар арасында суда жүзуден ел біріншілігі өтті деп хабарлады бізге облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Сайысқа 12 құрама команда, 120 спортшы қатысты.
Бәсекелі додада солтүстікқазақстандық Владимир Эрман 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. Жерлес спортшы мәре сызығын 2 минут 33 секундта кесіп өтті.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.