«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВОЛЕЙБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ДОДА

Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан ерлер командалары арасында ел біріншілігінің екінші тур ойындары басталды. Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отырған додаға Ұлттық лига шеберлері қатысуда. Атап айтқанда, төрт күнге созылатын аламан барысында “Алтай” (Өскемен), “Буревестник” (Алматы), “Павлодар” (Павлодар), “Тараз” (Тараз), “Атырау” (Атырау), “Маңғыстау” (Ақтау), “ТНК “Казхром” (Хромтау) және “Есіл” (Петропавл) командалары бақ сынайды. Күніне төрт ойын өткізу жоспарланған. 16 ойынның нәтижесінде тур жеңімпаздары анықталады.

Айта кеткен жөн, петропавлдық команданың ойындары Спорт сарайында күнделікті сағат 18.30-да басталады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp