
Облыс орталығында “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасы жалғасуда. Бұл жолы жергілікті күш құрылымдарының өкілдері волейбол алаңында өзара мықтыны анықтады.
Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың айтуынша, командалық ойындардың кез келген түрі ұжымның бірлігін күшейтіп, күш құрылымдарының шеберліктерін шыңдайды. Бәсекенің нәтижесін газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.