«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГАЗГОЛЬДЕР ОТҚА ОРАНДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі Борки кентіндегі тұрғын үйлерді газбен жабдықтап отырған алаңда тұтанған өртті тез құрықтады.

Өртсөндірушілер кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, оттың өршуіне жол бермеді. Олар апаттың аса қауіпті екендігін ескеріп “көбік шабуылы” әдісін қолданды.

Оқиға орнында 2-3-ші дәрежелі күйік жарақатын алған үш адам жедел ауруханаға жеткізілді. Газгольдер қондырғысы зақымданған. Өрт сөндіруге 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері мен залалы анықталуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp