«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГАЗЕТТІ ҚОЛДАУ — ТІЛДІ ҚОРҒАУ

“Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыстық “Soltústіk Qazaqstan” және қалалық “Qyzyljar nuri” газеттері оқырмандарының санын арттыру, оған “Қазпочта” АҚ қызметкерлерінің белсене қатысуын қамтамасыз ету және қос мекеме арасындағы әріптестік байланысты нығайта түсу мақсатында “Қазпочта” АҚ-ы облыстық филиалы қызметкерлерінің арасында байқау жариялаған болатын. Осы аптада байқау қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталды.

Салтанатты шара барысында сөз алған “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жарасбай Сүлейменов бүгінгі таңда электронды ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің жаңалықтарды таратудағы жылдамдығы артқанымен, оқырман үшін Алаш арыстары “Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі” деп бағалаған газеттің орны бөлек екенін тілге тиек етті.

– Біз өзіміз шығарып отырған басылымдардың таралымының неғұрлым көп болғанын қалаймыз. Өйткені, жерлестеріміз Елбасымыз жүргізіп отырған сындарлы саясаттан, өңірімізде жүзеге асырылып жатқан оң өзгерістерден хабардар болып қана қоймай, оның мән-мағынасын терең түсінулері керек. Баспасөзге жазылу науқаны кезінде белсенділік танытып, “Soltústіk Qazaqstan”, “Qyzyljar nuri” газеттерінің көп таралуына атсалысқан пошта қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деді Жарасбай Қабдоллаұлы.

Байқау қорытындысы бойынша “Қазпочта” АҚ-ы Есіл аудандық филиалы үздік деп танылды. Жергілікті бөлімшелер арасында Аққайың ауданындағы Ивановка ауылының қызметкерлері топ жарса, Тимирязев ауданының орталығында тұратын пошташы Роза Құсайынова бір өзі 118 адамды газетке жаздырған. Жеңімпаздарға заттай сыйлықтар тапсырылды.

“Қазпочта” АҚ-ы облыстық филиалының директоры Бекжігіт Бекбердиев бұл байқау жалғасын табатынына сенім білдірді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp