«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГАЗЕТ — СЫРЛАСЫМЫЗ

Біз, аға буын өкілдері, газет беттерінен есімдері қалың елге танымал еңбек және соғыс ардагерлерінің, көрнекті мемлекет қайраткерлерінің жарқын тұлғаларын танып, олардың ұлағатты жолын кейінгі толқын – жастарға үлгі етеміз. Мектеп қабырғасынан бері сырласымыз, ақылшымыз, дүние танымымыздың қайнар көзі болып келе жатқан сүйікті газетімізбен рухани байланысымызды алдағы уақытта да үзбей жалғастыра бермекпіз.

Бір ғасырлық уақытта қасиетті қарашаңырақтан қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлері, елге танымал қоғам қайраткерлері түлеп ұшқан газет ұжымын айтулы мерекемен құттықтай отырып, өңіріміздің ардагерлер қауымы атынан шығармашылық шабыт тілеймін!

Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp