
Мамлют ауданындағы Бостандық ауылында “Soltústik Qazaqstan” газетін асыға күтетін оқырмандар аз емес. Өйткені, басылым тілшілері әрқашан оқырмандарының пікіріне құлақ түріп, ойымен санасатыны қуантады. Олар қашанда ұлтымыздың мүддесін қорғауда жан аямай еңбек етіп келеді. Сондықтан осы мерейлі белестің қарсаңында ауылдағы әр шаңырақ “Soltústik Qazaqstan” газетіне жазылуды парызы санайды.
Шыны керек, ғасырлық тарихы бар басылымды бала кезімізден оқып келеміз. Көзі ашық, көкірегі ояу азамат болып қалыптасуымыз үшін ата-анамыз үнемі газет оқу керектігін айтып отыратын еді. Қолымызға тигенде кезектесіп оқып, үнемі өзімізге қажетті ақпаратты алуға асықтық. Бүгінгі өскелең ұрпақ ертең ел үмітін ақтар үлкен азамат болып қалыптасуына басылымның ықпалы зор екенін түсінуі керек. Сондықтан баласының болашағын ойлаған әр ата-ана ұлттық жанашырына айналған газетке жазылса, қандай ғанибет!
Мамлют ауданындағы Бостандық ауылының тұрғындары атынан: Өзбек ТАСТАНБЕКОВ, Айгүл САРБАСОВА, Гүлжан АМАНТАЕВА, Нұржан ДҮЙСЕ-КОВА, Әсел МҰСТАФИНА, Нұрлан ХАМЗИН.