Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №156 бұйрығымен ішкі нарықта сұйытылған газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы төмендетілді.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті реттелетін нарық субъектілері (газбен жабдықтау ұйымдарының) босататын бағаға сараптама жүргізді.
Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша “Горгаз-Сервис” ЖШС-нің сыйымдылықтағы сұйытылған газды бөлшек саудада өткізу қызметінің бағасы 15 пайызға төмендетілді және бөлшек саудадағы сұйытылған газды баллонмен және автомобильдерге құю үшін өткізу қызметінің бағасы орта есеппен 23 пайызға арзандатылды.
Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.