Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел Үкіметі Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарына газ тарату жобасын әзірлеуде.
Бұл туралы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында хабарлады. Жоспар бойынша Қызылордадан басталатын «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы бірнеше кезеңге бөлінеді. Алдымен құбыр Астанаға дейін тартылады, екінші кезеңде газ Көкшетауға жетіп, бүкіл Ақмола облысы қамтылады, ал үшінші кезеңде Көкшетаудан Петропавлға дейінгі аралық іске қосылмақшы. Жобаның жалпы құны 1 триллион теңге болады деп болжануда, қазір Үкімет оны қаржыландыру көздерін анықтауда. Жақында жоба туралы нақты шешім қабылданбақшы.
«ҚазАқпарат» ХАА материалдары бойынша әзірленді