«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГЕНЕРАЛДЫҢ СЫЙЛЫҒЫ

Елімізде соңғы жылдары қолға алынған “Музейге сый тарту” акциясы аясында Қызылжар өңіріндегі музейлерге қызықты құжаттар, фотосуреттер, көне тұрмыстық заттар тапсырылуда. Осы жолы жерлесіміз, Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Абай Тасболатов облыстық тарихи-өлкетану мұражайына өзінің әскери шинелі мен профессор мантиясын тапсырды.

– Ел арасынан құнды жәдігер­лерімізді жинақтап, оны сақтап, болашақ ұрпаққа насихаттау аса маңызды. Музейде сақталған әр зат өлкеміздің өткен тарихынан сыр шертіп қана қоймай, өскелең ұрпақ бұл өңірде қандай азаматтар туып-өскенін де білетін болады. Арманшыл жастар алдыңғы толқынның өмірі және еңбек жолынан өнеге алады, – деді Абай Тасболатов.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Гүлнәр Мұқышева өңірімізге келген сайын руханияттың қайнар көзі болып табылатын мәдениет ұйымдарына ат басын бұратын жерлесімізге алғысын білдірді. “Музейге сый тарту” акциясы қолға алынған үш жылдың ішінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 100-ден астам жәдігер тапсырылыпты.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Soltústіk Qazaqstan”.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp