«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГЕНЕРАЛМЕН КЕЗДЕСТІ

Биыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі үшін “Бақытты балалық шақты қорғау” жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ ұйымы өңірлік филиалының жас спортшылары облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловпен кездесіп, өздерінің жетістіктерімен және алға қойған жоспарларымен бөлісті.

16 жастағы Әлішер Авдонин түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, Қазақстанның бірнеше рет, Еуропаның үш дүркін және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанып үлгерген. Құқық қорғау органдарында қызмет атқаруды армандайтын ол биыл Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орнына түспек. Берік Біләлов жас каратэшілерді полицияда қызмет атқаруға шақырды.

Филиал директоры Владимир Витченко жыл басынан бері спортшылардың қоржыны 47 медальмен толықса, соның 18-і алтын екенін айтты. Спортшылар әскери-патриоттық клуб құру туралы жоспарларымен бөлісіп, оны “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының аумағында орналастыруды ұсынды.

Ведомствоның мұражайында болған жас спортшылар облыстық полицияның тарихымен, күнделікті қызметімен танысты. Кинологиялық қызмет, жедел басқару орталықтарында болып, үлкен әсер алды. Онда оларға сақшылармен бірге қала көшелеріндегі тәртіпті бақылауға мүмкіндік берілді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp