«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГЕНЕТИКА ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

Облыста  мал шаруашылығын дамыту үшін үш генетика орталығын ашу жоспарланған.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық бағыттар бойынша өсім бар, экономикада — 106,3%, ауыл шаруашылығында өсім — 3,1%. Облыс әкімі «өнімді қайта өңдеуге басымдық береміз» дейді.

«Біз ет өндірісі көлемін 58 мың тоннаға дейін жеткізуіміз керек. Бізде мал шаруашылығы саласында үш генетика орталығы ашылады. Етті қайта өңдеуді 45 пайызға дейін ұлғайту керек. Биыл 5 сүт фермасын іске қосамыз. Осының арқасында сүт өндірісінің көлемін 570 мың тоннаға жеткізе аламыз. Бидайды қайта өңдеу көлемі 600 мың тоннаға дейін ұлғаймақ», — деді Құмар Ақсақалов  облыстық әкімдіктің отырысында.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp