
IBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы DAZN стриминг сервисі «Instagram» парақшасында жариялады.
Головкин IBF титулын қорғау үшін польшалық боксшы Камила Шереметамен жекпе-жекке шығады. Қазақстандық боксшы мен Шеремета Холливуд қаласындағы Hard Rock Holly казино-қонақүйінде кездеседі. Аталған шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.
Еске сала кетейік, Головкин бұған дейінгі кездесуін Нью-Йоркте өткен жылдың қазанында өткізді. Ол кезде украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.
https://egemen.kz