Қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бөлімінің қызметкерлері облыстық ІІД-дегі әріптестерімен бірге аса ірі көлемде героин өткізді деген күдікпен көкшетаулық әйелді ұстады.
Биылғы жылы шілде айында полицияға 43 жасар әйелдің Петропавл қаласының аумағында героин өткізумен айналысатыны туралы жедел ақпарат түсті. Есірткімен күрес жөніндегі құраманың жедел қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру шаралары бұл ақпараттың растығын анықтады. Күдікті әйел Жұмысшы кентіндегі Караванная көшесінің бойында ұсталды. Одан жалпы салмағы 5,95 грамм героин алынды, ал ол ірі көлемді есірткі болып табылады.
Тергеу барысында ұсталған әйелдің Көкшетау қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, наркологиялық есепте болмаған. Петропавлдағы туысқандарына биылғы жаз айында келіпті. Героин өткізу фактісінен бас тартқан жоқ. Қазір қалалық ІІБ-ның тергеу бөлімі осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталмыш бап кінәліні мүлкін тәркілей отырып, оннан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазалауды қарастырады.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері облыс аумағында заңсыз айналымнан 149 килограмның үстінде әртүрлі есірткі заттарын алды, оның 3 килограмға жуығы – героин. Тағы бір атап өтерлік жай, жыл басынан бері есірткі қылмысы үшін ұсталғандардың 13-і – әйел адамдар.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.