Ресейдің Ставрополь қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден “Звезды прыжков” атты бүкілресейлік сайыс өтті. Оған Ресей, Әзірбайжан және Қазақстанның 14 қаласынан 150 гимнасшы қатысты, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Жарыстың қорытындысы бойынша 2001-2002 жылы туған ұлдар арасында бәсекеге түскен солтүстікқазақстандық Виталий Делль акробаттық жолақта секіруде жеңімпаз атанса, қыздар арасында Елизавета Мец күміс медальға ие болды. Тағы бір жерлесіміз – Александр Шашков 2003-2004 жылдары туғандар арасында үшінші орынға табан тіреді.