«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГИМНАСШЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАДЫ

Петропавлдағы “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің гимнасшы қыздары Астана қаласында өткен үшінші халықаралық “Жұлдыз” сайысында топ жарып, алтын медальды олжалады.

Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирге Ресей, Әзірбайжан, Израиль және Қазақстаннан 400-ден астам үміткер қатысты. Ал біздің облысымыздың намысын 30-дан астам спортшы қорғады.  

– Бұл біздің спортшыларымыздың халықаралық дәрежедегі жарыстарға алғаш рет қатысуы. Әрине, қобалжу сезімі болды, себебі, қыздарымыз әлі жас. Жеңісті оңай жолмен алдық деп айта алмаймын. Өйткені, Ресей құрамасының спортшылары өте мықты болды. Десек те, тәрбиеленушілеріміз намысқа тырысып, жүлделі орыннан көрінуге барын салған еді. Олардың еңбегі зая кеткен жоқ, – дейді “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Анжелика Шарипова.

Қазір гимнасшы қыздарымыз қараша айында Шымкент қаласында өтетін ел біріншілігіне дайындалып жатыр.

Самат ЕСМАҒИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp