«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Редакция таңдауы

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

Солтүстікқазақстандықтар үшін де  ең өзекті әлеуметтік проблеманың  бірі–баспана. Облыс бойынша 21 мыңға жуық адамның (15 мыңы– петропавлдықтар) пәтер кезегінде тұруы, бұған бас шаhарда 200-ден астам үйдің апатты  жағдайда екенін және сүрілуге жататынын қоссақ, мәселенің өте күрделі екені аңғарылады.  Соған орай жедел шешімдер қабылдау керек. Қомақты қаржыны қажет ететін құрылыс индустриясы өңірде   соңғы жылдары жақсы қарқынмен …

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР Read More »

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН САРБАЗДАР

Бескөл ауылының орталық алаңында су тасқынымен күресу үшін басқа облыстан келген 68665 әскери бөлімінің 300 сарбазын шығарып салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Өңір басшысы әскерилердің отаншылдығы, батылдығы,  жауапкершілігі мен туған жерге деген адалдығы үшін алғысын білдірді. Алғашқы күннен бастап жас сарбаздар қарғын сумен күресуге бар күш-жігерін салып, траншеялар қазып, қаптар төсеп, …

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН САРБАЗДАР Read More »

Тасқыннан зардап шеккен ауылдарды аралады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы су  астында қалған Семиполатное, Бескөл, Большая Малышка ауылдарына барды. Өңір басшысы су тартылып жатқан үйлерді аралап, зардап шеккен  тұрғындармен сөйлесті. Семиполатное  ауылының тұрғыны Дмитрий Фазыловтың үйі тұруға жарамсыз.  Сондықтан жергілікті диқан Ләззат Жакеева өзінің жұмысшысына сол ауылдан басқа үйді алып, жөндеп жатыр. “Су үйлердің аумағынан кеткен кезде тез арада …

Тасқыннан зардап шеккен ауылдарды аралады Read More »

“АЛАШ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Қазақстан Жазушылар одағында өткен жылды қорытындылаған алқалы жиын өтіп, жерлесіміз, жазушы, журналист Жарасбай Сүлейменовтің халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленгені белгілі болды. Жарасбай Қабдоллаұлы Қызылжар ақын-жазушыларының ішінен алғаш болып «Алаш» сыйлығын иеленіп отыр. Бұл – облыс руханияты мен әдебиеті үшін үлкен жетістік. Өмірін әдебиет пен ақпарат саласына арнап келе жатқан Жарасбай Сүлейменов түрлі жанрда қалам тартып, …

“АЛАШ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ Read More »

Аудандар да атсалыспақ

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен су тасқынының зардаптарын жою жөнінде кеңес өтті. Қазір су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру басты назарда. Тасқынның салдарын жою үшін және  қалпына келтіруге келмейтін тұрғын үйлерді бұзу үшін барлық аудандардың әрқайсысынан 5 механикалық бригада мен 8 бірлік техникадан жасақталып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбек.   Ойқала ауданында Петропавлдың 30 …

Аудандар да атсалыспақ Read More »

Абаттандыру үй айлығы басталды

Өткен сенбі күні  абаттандыру айлығы аясында  жалпықалалық сенбілік өтті. Оған жергілікті атқарушы органдардан, қоғамдық және бюджеттік ұйымдардан, кәсіпорын-мекемелерден 6,5 мыңдай адам қатысып, жарты мың тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды. Тазалық шарасына өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала әкімі Серік Мұхамедиев те атсалысты. Жалпықалалық сенбілікке жиналып, көшелер мен аулаларды күл-қоқыстан тазартушылардың қарасы қалың болды. Облыс орталығындағы …

Абаттандыру үй айлығы басталды Read More »

ӘРБІР ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары Қызылжар ауданын, Петропавл қаласының төңірегін және Сергеевка су қоймасын тікұшақпен аралап көруден басталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам …

ӘРБІР ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА Read More »

СУ ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ҚАЛА

Мемлекет басшысы  су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты республика халқына арнаған Үндеуінде атап өткендей,  көлемі жағынан  соңғы 80 жылдан астам бергі ең ірі табиғи  апатты еңсерудің   қажетті шаралары қабылданып,  зардап шеккен аймақтарға барлық ресурс тартылған. Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны салдарын жою, …

СУ ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ҚАЛА Read More »

ӨТЕМАҚЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНЕДІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  №2 орта   мектептегі эвакуциялық пунктте  қатты су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Заречный, Былғары кенті, Ойқала шағынаудандарының,  Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарының тұрғындары  уақытында эвакуацияланды. “Ең бастысы, бәрі аман. Өйткені адамның өмірі – бірінші орында. Мемлекет басшысы зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды”, –  деді өңір басшысы кездесуде. Ереже бекітіліп, комиссиялар …

ӨТЕМАҚЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНЕДІ Read More »

Қолда барымен бөліскен ағайынға мың алғыс

Табиғаттың бес-он жылда бір рет мінезін көрсетіп, көктем шыға елдің есін жиғызып алатыны бар. Соңғы жылдары қызыл судан айтарлықтай қауіп болмай, еңсемізді тіктеп алған сияқты едік, биылғы көктем тағы да елді әуреге салды. Жаздағы құрғақшылық, күздегі шаруаларға кедергі келтірген жауын-шашын, қыста талай ауылды жарық пен жолсыз қалдырған боран мен қарға көктемгі су тасқыны келіп қосылды. …

Қолда барымен бөліскен ағайынға мың алғыс Read More »

КУРСАНТТАРДЫҢ КӨМЕГІ

Халқымыздың «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген даналық сөзі елімізде болып жатқан соңғы жағдайға дөп басып айтылғандай. Елді мекендерді судан аман алып қалу үшін күні-түні дамбы қазып, бөгет салып жүргендер арасында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланы әскери академиясының курсанттары да бар. Күніне 1000-нан астам қапшыққа құм толтырып, бір аптада 7 бөгет соққан академия …

КУРСАНТТАРДЫҢ КӨМЕГІ Read More »

Қосымша күш тартылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірімізге жұмыс сапарымен келіп,  Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді. Үкімет басшысы Қызылжар ауданындағы Тепличное елді мекенінде, облыс орталығындағы  Былғары зауыты кентінде қорғаныс бөгеттерінің жағдайымен танысып, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады. Қазіргі уақытта Сергеев …

Қосымша күш тартылды Read More »

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың өңір тұрғындарына арнаған үндеуі             

                                                           Құрметті жерлестер!        Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі. Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Қиын сәтте ел басшылығы бізге қолдау білдіруде. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектенов облыста жұмыс сапарымен екі рет болды. Қазір өңірде  Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр тасқынға қарсы жұмыстарға басшылық етуде Тұрғындардың өмірін сақтау–біздің …

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың өңір тұрғындарына арнаған үндеуі              Read More »

ҚАРҒЫН СУ ҚАМСЫЗДЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге су тасқыны қаупі төніп тұрған елді мекендерді аралады. Қызылжар ауданындағы  Тепличное, Прибрежное  ауылдарының, Петропавл қаласындағы Былғары зауыты кентінде, Ущев көшесінде  орналасқан  бөгеттердің, «Қызылжар Су» ЖШС-нің 1-ші және 2-ші сорғы станцияларының инженерлік-инфрақұрылымдық жай-күйімен танысты. Тексеру барысында Үкімет басшысының орынбасары  су …

ҚАРҒЫН СУ ҚАМСЫЗДЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ Read More »

Бөгеттер нығайтылуда

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығы мен Қызылжар ауданы бойынша  су тасқынының алдын алу жайын тексеріп, Ущев көшесі бойындағы, Былғары зауыты және Заречный  кенттеріндегі, сондай-ақ Тепличное мен Прибрежное  ауылдарындағы бөгеттерді бақылады. «Су  тасқынының шарықтау шегі әлі алда. Қазіргі уақытта бөгеттерді  нығайту жұмыстары жүргізілуде. Осы салаға жауапты мамандар тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын күшейтулері қажет. Эвакуациялау пункттері …

Бөгеттер нығайтылуда Read More »

Хорватия елшісімен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Рефик Шабановичпен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.   Жыл басында өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысында  энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салалары бойынша тығыз байланыс орнатуға уағдаласқан болатын. Осылайша екі ел арасындағы әріптестік байланыс  жаңа …

Хорватия елшісімен кездесті Read More »

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапарымен барып, тасқынмен күрес жұмыстарын тексерді. Өңір басшысы Тайынша қаласында,  Теңдік, Донецкое және Летовочное ауылдарында болып, қалыптасқан жағдаймен жіті танысты. Қар көлемі әлі де көп және де күннің жылуына байланысты тез еруде. Ағынды судың зардаптарын болдырмау, залалын барынша азайту мақсатымен құм салынған қаптар мен инертті материалдар дайындалып, нығайту …

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ Read More »

БАСТЫ БАҒЫТ – МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  облысқа жұмыс сапарымен келгенде «Қызылжар-Сүт» фермасындағы  сауын цехы мен мал бордақылау алаңы көрсетіліп,  қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды. Мемлекет басшысы Қызылжар өңірінде  мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайтуға мол мүмкіндік бар екеніне тоқтала  келіп,  озық өндірістік жобаларға  міндетті түрде қолдау жасалатынын,  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы  жеңілдікпен несие беру өз тиімділігін көрсеткенін, қаржыландыру …

БАСТЫ БАҒЫТ – МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ Read More »

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Премьер-Министр Олжас Бектенов Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Премьер-Министр өңірдегі су қоймаларының жай-күйі мен су тасқынына қарсы іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы …

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨСІН ДҮБІРГЕ БӨЛЕГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы еліміздегі барша халықтың, ұлт пен ұлыстың сағына күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Ұлық мерекені ұлықтау үшін жыл сайын өтетін думанды кеш елдің ортақ қуанышына айналғаны рас. Әйтсе де биылғы көктем мерекесі қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен құндылықтарын айшықтайтын Наурызнама онкүндігі аясында ерекше атап өтілді. …

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨСІН ДҮБІРГЕ БӨЛЕГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ Read More »