DAZN ағынды платформасының басшылығы қазақстандық Геннадий Головкинмен трилогия болмаса, платформаның басты жұлдызы, мексикалық боксшы Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі үшін төлемді едәуір төмендетуге ниетті.
Егер “Канело” түрік боксшысы Авни Йылдырыммен жекпе-жек өткізуді шешсе, ол белгіленген жарнаның 35 пайызын – 17,5 млн. доллардың 50 пайызын ғана алады.
Ал Головкин поляк Камил Шереметамен жекпе-жек өткізуді шешсе, DAZN де осындай санкциялар қолдануы мүмкін.
Бұл жағдайда Головкиннің ақысы 15 миллион доллар болмақ. Бұған дейін боксшы Стив Роллс пен Сергей Деревянченкомен болған жекпе-жектері үшін сонша ақы алған.
https://egemen.kz