“ITRboxing.com” порталының сарапшысы әрі авторы Люки Кеттель салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар рейтингін жасады.
P4P-рейтингінің үздік ондығына қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де енді. “IBO” және “IBF” тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 8-орынға жайғасты.
Рейтингіде бірінші орынды отандасымыздың спорттық мансабындағы басты қарсыласы – месикалық Сауль “Канело” Альварес еншіледі. Екінші орында ұлыбританиялық Тайсон Фьюри тұрса, үздік үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түйіндеді.