Cу тасқынынан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетілуде. Тайынша ауданының Келлеровка ауылына “Қызыл Жарты ай” қоғамы облыстық филиалының алғашқы гуманитарлық жүгі аттандырылды. Қайырымдылық қоры жылы киімдер, көрпелер, гигиеналық заттар, азық-түлік пен қаражат жіберген. Бұл көмек су тасқынынан зардап шеккен ауылдың ондаған тұрғынына берілді.
Сондай-ақ, қайырымдылықтан кәсіпкерлер де қалыс қалмауда. Донецкое ауылының тұрғындарына “Әліби” холдингі” ЖШС-ның иесі Нұрлан Тілеубаев 2 млн. теңге аударды. Сонымен бірге су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарының есепшоттарына өлген малдардың өтемақысы ретінде бюджеттен 1 миллион 94 мың теңге бөлінді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
