Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапары басталады.
Сапар бағдарламасы бойынша вице-премьер түстен кейін Оқушылар сарайында тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдайды. Одан кейін Киров атындағы заводта болып, қала және аудан әкімдерімен, кәсіпорындар, бизнес құрылымдары, кәсіптік одақтар басшыларымен жиын өткізеді. Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова еңбекпен қамту орталығын аралап, облыстық әкімдікте өтетін «Серпін-2050» бағдарламасының орындалу барысы туралы кеңеске қатысады деп күтілуде.