
Талшықта бір көше бар,
Жатқандай болып гүл базар.
Келсе де салқын күз айы.
Көргенде көзің қызығар.
Өскен гүлдер жайқалып,
Келгендей көктем айналып.
Қайтасың гүл-көшеден,
Тынысың кеңіп, дем алып.
Өтсе де жаздың күндері,
Өзгермеген түрлері.
Қызыл, жасыл, ақ, сары,
Әдемі әлі гүлдері.
Бұл көшеде жүреді,
Қосылғандар жүрегі.
Махаббатың бесігі,
Гүл-көше деп біледі.
Махаббаттың көшесі,
Гүл- көше бұл деседі.
Күз болса да, сол жерден
Көктем лебі еседі.
Ибрай ИЛЬЯСОВ.
Талшық ауылы,
Ақжар ауданы.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.