
Облыс орталығындағы Юрий Гагарин атындағы №14 орта мектептегі тұңғыш ғарышкердің ескерткішіне Елордадан келген меймандар гүл шоқтарын қойды.
Шараға ғарышкер-ұшқыш, Халық қаһарманы, техникалық ғылым докторы, Үлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, экономика ғылымдарының докторы, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Анатолий Башмаков, облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты.
Шара барысында Талғат Амангелдіұлы баспасөз-конференциясын өткізді.
Іс-шара Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде жалғасын тауып, үздік оқытушылар мен студенттерге Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз, ұшқыш-ғарышкер Александр Викторенко атындағы сыйлықтар табысталады.
Толығырақ газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.