«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГҮЛ ӨСІРІП ТЕ ТАБЫС ТАБУДА

10 ақпан күні Айыртау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Аманбек Махметов тұрғындар алдында есеп берді. Бұл алқалы жиынға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

Ауданда азық-түлік өнімдерін өндірумен 44 кәсіпорын айналысады. Өнеркәсіптік өнімдер шығару көрсеткіші де жоғары. 2015 жылдың басынан 37 жаңа нысан іске қосылып, 122 жұмыс орны ашылған. 120 отбасы гүл көшеттерін өсірумен шұғылданып, өнімдерін Астана, Алматы қалалары мен өзге де өңірлерге жөнелтуде.

Есепті кездесуде облыс әкімі Ерік Сұлтанов ауданда атқарылған жұмыстарды оң бағалап, қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту және Индустрияландыру картасын жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берді. Әкім аудан басшыларына “Сырымбет” АҚ-ның қалайы өндіретін кен-байыту комбинатын салу жобасының жүзеге асырылуына ерекше назар аударуды тапсырды.

Есепті кездесуден кейін Ерік Сұлтанов ауданның кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp