«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАЙЫНДЫҚ БАЯУ

Петропавл қаласында тұрғын үй қорын қысқа әзірлеу жұмыстары баяу жүргізілуде. Жаздың аяқталуына бір ай ғана қалғанына қарамастан баспанасын жылыту маусымына дайындауға асығушылардың қатары аз.

Бүгінгі таңда Петропавл қаласында 1086 көпқабатты тұрғын үй бар. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында жылыту маусымына әзірлік құжатын әзірге тек 12 көпқабатты үй алған. Бүгінге дейін тек 200 үйдің жылыту жүйесі жуылып, тазаланды. Қалғандары бұл жұмыстарды жүргізуге ниет танытпай отырған көрінеді.
– Жылуды дер кезінде беру үшін қазірден бастап тұрғын үйлерді әзірлеуге кірісу қажет. Былтыр жылыту маусымына әзірлікті 750 үй ерте қолға алғанымен, әзірлік құжаты тек 150-іне берілген еді. Коммуналдық қызметтер жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңына дейін аяқтауы тиіс, – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жылуды уақытында беру үшін құбырларды жуып-шаю, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының ортасына дейін толық аяқтау қажет.


Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp