«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Мамлют ауданының орталығында “Қыс – 2018” аудандық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Дәстүрлі шараның мақсаты – қысы қытымыр өңірімізде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу, мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесі күштерінің әзірлігін пысықтау.

Шара барысында қар тазалайтын техникалардың қысқа дайындығы тексеріліп, жергілікті құтқарушылардың, тәртіп сақшыларының және дәрігерлердің оқыс оқиға кезіндегі бірлескен әрекеті бағаланды. Атап айтқанда, қатысушылар сценарий бойынша жолда қалың қар салдарынан кептелісте қалған жолаушыларды жылыту бекетіне жеткізіп, үсік шалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp