«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда жалпы қолданыстағы жолдарды су басқан жағдайда қоғамдық тәртіпті күзету, жолдар мен көпірлерді қалпына келтіру бойынша арнайы тактикалық жаттығу өтті. Оған аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар мен ішкі істер бөлімдері, жол қызметінің инспекторлары қатысты. Іс-шара сценарийі өткен жылы орын алған оқиға бойынша жасалды.

…Келіп түскен мәліметке сәйкес Екатеринбург – Алматы тасжолында аудан алқаптары мен көршілес облыстан ағып жеткен судың екпіні күшейіп, оның тасуы орын алды. Табиғи төтенше жағдай салдарын жоюға құрамында 2 “КамАЗ”, автогрейдерлер, апатты жөндеу автомобильдері мен жеке құрамның 6 адамы бар жол қызметінің командасы келіп, құм салынған қаптардың көмегі арқылы қоршауды нығайтып, өту жолдарын тазалап, оларды инертті материалдармен бекітті.  

Аудандық ішкі істер бөлімінің екі экипажы жолдың апатты учаскесін қоршауға алуды ұйымдастырып, жол апатын болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін айналмалы жолы арқылы жиналған автокөлік колоннасының қозғалысына бағыт беріп, жүруді реттеуді жүзеге асырды. Осылай тактикалық жаттығуға қатысушылар кез келген төтенше жағдайларға дайын екендіктерін іс жүзінде дәлелдеді.

Әмір БЕКШЕНТАЕВ,

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның

төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp