«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ

2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында XXVIII Бүкіләлемдік қысқы универсиада өтеді. Қысқы универсиаданың бағдарламасында 12 спорт түрі: биатлон, шаңғы спорты, кёрлинг, коньки спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғымен жарыс, шаңғымен тұғырдан секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек бар.

Бәсекелі дода “Шымбұлақ” тау-шаңғы шипажайы, “Медеу” спорт кешені, “Сұңқар” шаңғы трамплиндер кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Алатау” шаңғы-биатлон кешені, Мұз сарайы, Мұз аренасы және Алматының орталығындағы уақытша спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, универсиада тарихында бірінші рет спортшылар жарыс уақытында тұратын атлеттер қалашығы болмақ.

2017 жылғы қысқы универсиадаға әлемнің алпыс елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Жарысты ұйымдастыруға шетел мен Қазақстанның әр өңірлерінен 3 мың ерікті жұмылдырылады. Жарыс уақытында 30 мыңға жуық шетелдік қонақ пен турист келеді деп күтілуде. Қысқы универсиаданы 80 елден 1 млрд. адам телеарналардан тамашалайды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp