18 мамырдағы жедел мәлімет бойынша жаздық дақылдар 236,72 мың гектарға немесе барлық егістік алаңның 5,8 пайызына себілді, оның ішінде дәнді дақылдар 126,9 мың гектарды немесе 3,8%-ды құрады. Көктемгі-дала жұмыстарының қарқыны Ақжар (10,4%), Қызылжар (9,7%), Шал ақын (9,1%) аудандарында жоғары.
Осы кезеңге дейін 76,3 мың гектар немесе 13,2% алқапқа майлы дақылдар себілді. Бұл ретте Қызылжар (22,9%), Айыртау (18,9%), Есіл (18,1%) аудандары қарқынды қимыл танытуда.
Биыл 171,1 мың гектар жерге жемазықтық дақылдар себу жоспарланса, оның 23,7 мың гектары немесе 13,8%-ы атқарылды.
Есепті кезеңде 9 мың гектарға немесе барлық алқаптың 31,5 пайызына картоп орналастырылды, 0,837 мың гектар немесе 15,8% жерге көкөніс егілді.
Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті.