«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАЛА ТӨСІНДЕГІ ДҮБІР

    

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметтер бойынша 4.2 млн. гектар аумақты құрайтын егіс алқаптарына ылғал жабу толық аяқталып, қазір тұқым сіңіру алдындағы өңдеу шаралары қызу атқарылуда. Кейбір аудандар егіске кірісіп те кеткен екен.

Шалғайдағы Уәлиханов ауданы диқандарының қимылы ширақ. Олар 127 мың гектар алқапқа дәнді, 46 мың гектарға майлы дақыл, 29 мың гектарға көпжылдық шөп өсіруді жоспарлап отыр. 16 мың тонна сапалы тұқым дайындалып, 1900 тонна дизель отыны сатып алынғанын аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуандық Сәдуақасов айтып берді. Оның сөзінше, жауапты науқанды қысқа мерзімде ұйымшылдықпен атқаруға барлық мүмкіндік бар.

Аққайың ауданы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Телтаевпен сөйлескенімізде биыл 153903 гектар жерге дәнді, 35640 гектарға майлы дақылдар егілетінін, 25 мың тонна тұқым, 3,5 мың тонна жанар-жағармай әзірленгенін жеткізді. Құнарлы топырақ 2 мың тонна минералдық тыңайтқышпен байытылыпты. Қазірдің өзінде жекелеген шаруашылықтар қыр төсін қызу еңбекке бөлеп, 10 мың гектарға дәнді, 6,9 мың гектарға майлы дақылдар себілген. Жүзден артық техника тартылған. “Дайындық”, “Полтавское”, тағы басқа серіктестіктердің ісінде кідіріс жоқ.

Кіммен сөйлессең де көктемнің ерте келіп, жер-дүниенің жасыл желекке малынғанын жақсылыққа балайды. Синоптиктердің болжамына қарағанда, көктемнің соңғы айы да диқандар үшін жайлы болатын түрі бар.

 

Сурет: https://www.inform.kz


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp