«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Петропавл қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын талқылауға арналған “дөңгелек үстел” отырысы өтті.

Жиында басты құжаттың мән-маңызына, ондағы көтерілген тың мәселелерге талдау жасалып, Президент белгілеген міндеттердің өңірімізде орындалуы жайлы айтылды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында елді дамудың жаңа кезеңіне шығару үшін Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізілетінін айтты. Президент шағын бизнес пен микро компанияларды үш жыл салықтан және тексерістен босату туралы Үкіметке тапсырма берді. Алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысы екі есе артатыны да жылдың басты құжатында көрініс тапқан. Ауыл шаруашылығы саласына да зор қолдау көрсетілмек. Бұл бағытқа бөлінетін қаржы мен субсидияларды қайта есептеп, шаруаларды несиелендіру бағдарламасы жетілдірілетін болады. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, мәдениет және экология салаларына қатысты нақты міндеттер жүктеді.
Шараға қатысушылар Жолдауда көтерілген мәселелер мен тың жаңалықтарды талқылап, пікірлерімен бөлісті. “Restavration” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айтықан Қалғаева, облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног және еңбек ардагері Құдайберген Қалиев сөз сөйлеп, пікірлерін ортаға салды.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp