
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалында өткен кездесуде Елбасының бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері 9 маусымға белгіленген Президенттік сайлаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге қатысушылардың пікірінше, Елбасы бастаған экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалардағы өзгерістер жаңа кезеңде өз жалғасын табуы тиіс. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын, «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл – Ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын жүзеге асыру жұмысы «Нұр Отан» партиясы қызметінің басым бағыттары болмақ.
-2019 жылдың 9 маусымында өтетін сайлау – егемен еліміз үшін саяси- экономикалық және рухани даму мен өркениетті елдердің көш басына шығу жолында жасалып жатқан тарихи мəні бар маңызды оқиғалардың бірі. Бұл сайлау арқылы елімізде дамудың жаңа сатысы басталмақ. Сондықтан да тарихи маңызды оқиғаға Қазақстанның əрбір азаматы үлкен жауапкершілікпен қарайды деп ойлаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлының қажырлы еңбегінің арқасында тəуелсіз мемлекетіміз елдіктің биік тұғырына көтерілді. Əлем Қазақстанды бейбітшілік сүйгіш, достық пейілді зайырлы мемлекет ретін де таныды. Алдағы сайлау Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясын жалғастырып, елімізді саяси-экономикалық, рухани-мəдени тұрғыдан жаңа сатыға көтеруге жол ашатынына сенеміз,- деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы саяси бөлімінің меңгерушісі Гүлнара Халықова.