«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ДАМУ” ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Гүлмира ЖАҚЫПОВА,

“Даму” қоры АҚ облыстық филиалының менеджері.

Жуырда Петропавл қаласында “Даму” қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері “Нұр Отан” партиясы “Жас Отан” жастар қанатының кеңсесімен бірлескен акция ұйымдастырды.

“Даму” қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілерінің “Жас Отан” кеңсесінің жұмысына қатысуымен кеңес беру аясы анағұрлым кеңіді және жұмысқа орналасу немесе тұрғын үй алу мәселелері бойынша ақпарат алу мүмкіндігімен қатар, “Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша жеке өз бизнесіңді ашу, тегін бизнес-оқуы, шетелде бизнес-тәжірибеден өту және кәсіпкерлікті сервистік қолдау мәселелері бойынша да ақыл-кеңестер алуға болады.

– Консультация орталығы жастар қанатының бақылау аясындағы бағдарламалар бойынша жастардың қажетті ақыл-кеңес алуы үшін өткен жылы құрылды. Бірлескен ынтымақтастық туралы ұсынысқа бірінші болып үн қосқан “Даму” қорының облыстық филиалы болды. Өйткені, жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселесі бүгінде өте өзекті, – деді “Жас Отан” жастар қанатының кеңес орталығының үйлестірушісі Сабина Жақыпова.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp