«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАНА АҚТЫҚ САЙЫСҚА ҚАТЫСАДЫ

Кеше Петропавлда  өткен «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының кастингінде қазылар алқасы тоғыз жасар петропавлдық өнерпаз Дана Бәсекенованың өнерін жоғары бағалады.

Кастингке қатысқан  8-12 жас аралығындағы балалар  музыкалық сүйемелдеусіз қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде үш ән орындап, вокалдық мүмкіндіктерімен қатар тілді меңгеру деңгейлерін де көрсетті. Байқау шарты бойынша әр өңірден бір жеңімпаз ғана іріктеледі. Енді Дана Бәсекенова күзде, қазан айында Алматы қаласында өтетін “Бала дауысы” республикалық байқауының ақтық кезеңінде өнер көрсетеді.

Өткен жылы «Бала дауысы» байқауының суперфиналында солтүстікқазақстандық Әмина Жапар жеңімпаз  атанған болатын.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp