«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАРИҒА – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Қытайдың Уланчабу қаласында бір аптаға созылған бокстан қыздар арасындағы Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Финалда өнер көрсеткен жалғыз отандасымыз Дариға Шәкімова жеңімпаз атанды.

Қазақстандық боксшы 75 килограмға дейінгі салмақта топ жарды. Ол финалда қытайлық Ли Кюаньға еш мүмкіндік бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Дариға осымен екінші рет Азия чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2010 жылы 69 килограмм салмақта жеңіске жеткенді.  

Азия біріншілігінің қорытындысы бойынша Қазақстанның құрама командасы 1 алтын, 3 қола медаль еншіледі. Үшінші орынға ие болғандардың қатарындағы Гауһар Ермекбай (69 кг.) қытайлық Хонг Гудан – 0:3, Мөлдір Базарбаева (81 кг.) тағы бір қытайлық боксшы қыз Хаоли Янгтан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Ал 81 килограмнан жоғары салмақтағы Ләззат Күнгебаева жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.

Енді Қазақстан құрамасы 2016 жылдың басында Астанада өтетін әлем біріншілігіне қатысады.

Айта кетейік, Дариға Шәкімова – біздің жерлесіміз, 1988 жылы Заречное ауылында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бокстан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазіргі кезде Алматы қаласының атынан сайыстарға қатысып жүр.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp