
Бұрынғы Калинин атындағы зауыт аумағында 2020 жылы заманауи Дата-орталығы пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда “PP Solutions” компаниясы жалпы жер көлемі 24 гектарды құрайтын аумақты қоқыстан тазартып, жөндеу жұмыстарына кіріскен.
– Қазіргі уақытта “ҚазИнженерСтрой” ЖШС-нің мамандары тозығы жеткен 6 нысанға қайта құру жұмыстарын жүргізуде. Ал “НПФ СевҚазЭнергоПром” ЖШС-і 300 МВт-тық станцияның жобасын жасауда. Заманауи орталықтың жанында қызметкерлерге арналған екі жатақхана да салынатын болады. Жыл соңына дейін сыртқы жұмыстар толығымен аяқтаймыз, – дейді компанияның атқарушы директоры Алмас Маралов.
Жалпы 18 млрд. теңгенің инвестициясы тартылған компания бүгіндері “Қазақтелеком” АҚ-ы, әлемге танымал “Facebook” және “Google” компанияларының серверлерін орналастыру бойынша келісімшарт жасауда.
Дата-орталық 2020 жылдың жазында пайдалануға беріледі.