Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына петропавлдық даяшылар да дайындық үстінде.
Тәжірибелі тренеер Елена Лукашова қоғамдық тамақтану мекемелерінің қызметкерлерімен теориялық және практикалық сабақтар өткізіп, қонақтарды қарсы алу ережелерімен, қызмет көрсетудің әлемдік стандарттарымен таныстыруда. Қарашаның 8-9 күндері өтетін форум қонақтарын қарсы алуға қаладағы мейрамхана, дәмханалардың барлығы дайындалуда. Сондай-ақ, аспаздарға қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылмақшы.