«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ДАҢҒОЙ” НӨМІРЛЕР ҚЫМБАТ ТҰРАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің хабарлауынша, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2014 жылғы 17 сәуірдегі №195-V Қазақстан Республикасы Заңымен автокөліктің көтеріңкі сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілеріне мемлекеттік баждың ставкаларын бекіту бойынша Салық кодексі 540-бабының 9) тармақшасына мына көлемдердегі толықтырулар енгізілді:
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 13 700 пайыз (1 АЕК= 1 852 тг. * 137 = 253 724 тг.);
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 22 800 пайыз (1 АЕК =1 852 тг. * 228 = 422 256 тг.).
Аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі (Жариялануы: “Егемен Қазақстан” 2014 жылғы 19 сәуір №76 (28300)), яғни 2014 жылдың 20 қазанынан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp