“Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде мемлекеттік қызметшілер арасында суда жүзуден жарыс өтті. Бұл жолы дәстүрлі сайысқа 37 адам қатысты”, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Жарыс бағдарламасына сай әйелдер – 25 метр, ерлер 50 метр қашықтықта сынға түсті. Сондай-ақ, 4х25 эстафетасы өткізілді.
Бәсекелі доданың қорытындысы бойынша облыстық қылмыстық-атқару департаментінің өкілдері алдарына жан салмай, жалпыкомандалық есепте тұғырдың биігіне көтерілсе, мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері екінші орынға тұрақтады. Ал әділет басқармасының құрама командасы үшінші орынды иеленді.
Жекелей сында ерлер мен нәзік жандар арасында облыстық қылмыстық-атқару департаментінің өкілдері Андрей Бобровский мен Эльмира Жүсіпова жеңімпаздар атанды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.