
28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Жекелеген өңірлерде қалың қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ болып, боран соғады. Жел күшейеді. Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді.
https://www.inform.kz